Оқу уақыты: 1 мин

Астанада өтетін дзюдодан Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды

Астанада өтетін дзюдодан Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды

Астанада 9-11 мамыр күндері өтетін дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 әлемдік жарысына қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Елорда татамиінде бақ сынайтын қазақстандық дзюдошылардың тізімін ұсынамыз:

Ерлер

60 келі: Мағжан Шамшадин, Аман Бақытжан, Дәурен Суюкенов, Талғат Орынбасар

66 келі: Ғұсман Кырғызбаев, Ердәулет Бозша, Бауыржан Нарбаев, Мирас Жонысов

73 келі: Саят Сейітқалиев, Қуан Барыс, Бақытжан Абдурахманов, Есет Қуанов

81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Жалғас Қайролла, Айғали Қалдыбек, Азат Күмісбай

90 келі: Аян Байғазы, Құдырет Досымов, Айдар Арапов

100 келі: Марат Байқамұров, Бейбіт Мадеев, Бақжан Байтас

100 келіден жоғары: Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев, Мәди Еділбаев, Жамбыл Тұрғыналиев

Әйелдер:

48 келі: Диана Буркеева

52 келі: Құндыз Жылқыбай, Айшабибі Мұрадимова

57 келі: Дина Муханбет, Дана Әбдірова

63 келі: Асылжан Орынбасарова

70 келі: Аруна Жангелдина, Кристина Сотникова, Диана Телбаева, Анастасия Морозова

78 келі: НазеркеТілеуханова, Замзагүл Файзолланова

78 келіден жоғары: Ақерке Рамазанова, Толқын Тұрсынақынова

Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетін бұл жарысқа 48елден 400-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Жарысқа кіру тегін.