Оқу уақыты: 1 мин

Астанада күрестен Қазақстан кубогы өтеді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Астанада күрестен Қазақстан кубогы өтеді

24–30 мамыр күндері Астанада ересектер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан кубогы ұйымдастырылады.

Бұл турнирге еліміздің барлық өңірлерінен шамамен 1000-ға жуық балуан қатысады. Олардың ішінде халықаралық жарыстарда ел намысын қорғаған тәжірибелі спортшылар да бар.

Қазақстан кубогының басты мақсаты – әлем чемпионаттарына ұлттық құраманы іріктеу және дайындау болып табылады.

Жарыстың алғашқы күндерінде еркін күрес шеберлері белдессе, кейін әйелдер күресшілері және соңында грек-рим балуандары тартысқа түседі. Барлық кездесулер Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді.