12.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Астанада Қажымұқан Мұнайтпасов атындағы жаңа стадион салынады

«Zakon.kz» ақпараты бойынша, Астанада Қажымұқан Мұнайтпасов атындағы жаңа стадионның құрылысына қайтарылған активтерден 17,3 миллиард теңге бөлінеді.

Заманауи спорт нысаны 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Стадион 3598 көрерменге арналған, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнайы орындар қарастырылған.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа арена «UEFA» халықаралық стандарттарына сай салынады. Құрылыс аяқталғаннан кейін стадион Астана әкімдігінің №8 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басқаруына өтеді.

«Жаңа стадион оқу-жаттығу сабақтарына пайдаланылады. Бұл спортшыларды дайындау үшін жақсы жағдай жасап, олардың нәтижелерін жақсартуға мүмкіндік береді», – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Мұнайтпасов атындағы алғашқы стадион 1936 жылы салынған болатын.