05.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Астанада бадминтоннан турнир өтеді

Астанада бадминтоннан турнир өтеді

2025 жылдың желтоқсан айында Астанада бадминтоннан халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Astana International Challenge 2025 жарысына әлемнің көптеген үздік спортшылары қатысады.

Аталған турнирде Қазақстан құрамасының өкілдері де бақ сынайды.

Жарыс 17-21 желтоқсан аралығында Beeline Arena спорт кешенінде өтеді.