04.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Астанада әйгілі футболшылар қатысатын «Аңыздар матчы» өтеді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

2025 жылдың 25 сәуірінде «Астана Арена» стадионында әлемдік футбол жұлдыздары қатысатын «Аңыздар матчы» өтеді. Бұл үлкен шарада әйгілі ойыншылар – Хавьер Дзанетти, Майкон және Кларенс Зеедорф жасыл алаңға шығады, деп хабарлайды metaratings.kz порталы.

«Аңыздар матчы» – Орталық Азияда өтетін ауқымды футбол шараларының бірі. Бұл тур аясында 2025 жылдың күзіне қарай Қазақстанда тағы бір осындай ойын жоспарланған.

SMH SPORTS компаниясының өкілі Ника Кевхишвили:

«Біз Қазақстанға әйгілі футболшыларды әкелетінімізге қуаныштымыз. Бұл шара жанкүйерлер үшін ұмытылмас оқиға болмақ. Ұлттық футбол күнімен орайластырылған матч жас ойыншыларға жігер беріп, футболсүйер қауымды біріктіреді деп сенеміз», – деп өз пікірін білдірді.

Бұл шараның басты демеушісі – 1XBET Kazakhstan. Компанияның маркетинг жөніндегі директоры Юрий Матиюн:

«Футбол мәдениетін дамытуға үлес қосу біз үшін маңызды. Осындай ірі шараны қолдауға мүмкіндік алғанымызға қуаныштымыз», – деді.

Футбол жұлдыздарын өз көзіңізбен көріп, ерекше атмосфераны сезінгіңіз келсе, бұл мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!