05.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Астанада арбадағы теннистен алғашқы ITF Futures Series турнирі мәресіне жетті

Астанада арбадағы теннистен алғашқы ITF Futures Series турнирі мәресіне жетті

Астанада арбадағы теннистен ITF Futures Series бойынша бірінші турнирдің жеңімпаздары анықталды.

Орталық Азия бойынша алғаш рет ұйымдастырылған жарысқа АҚШ, Жапония, Аустралия, Франция, Оңтүстік Корея, Үндістан, Польша, Қырғызстан, Ресей, Беларусь және өз еліміздің өкілдері қатысып, бірнеше күн бойы бақ сынады.

Ерлер арасында жекелей сында тұрақты ойын өрнегін көрсеткен жапониялық Фудзимото Ёшинобу чемпион атанса, аустралиялық Мартин Данн финалға дейін жетті.

Әйелдер арасында ресейлік Виктория Львова үздік шықты. Ол финалда Беларусь өкілі Людмила Бубнованы ұтты.

Ерлерден жұптық сында соңғы бәсекеде Мартин Данн — жапониялық Тачи Томояны тізе бүктірген Фудзимото Ёшинобу — оңтүстіккореялық Джи Хван Ли жеңіс тұғырына көтерілді.

Әйелдерден жұптық сында қазақстандық Айжан Бітімбаева оңтүстіккореялық Пак Чжу-Ёнмен бірге Қазақстан тарихында алғаш рет ITF Futures Series додасының финалына дейін жетті. Олар Виктория Львова — қырғызстандық Әмина Манғұтоваға ғана есе жіберді.

Бүгін ITF Futures Series бойынша екінші турнир басталды.