Оқу уақыты: 1 мин

«Астана» – «Жетісу» матчының күні өзгерді

BAS38282

Қазақстан Премьер-лигасының үшінші турындағы «Астана» – «Жетісу» матчы бастапқы жоспарланған күннен бір күнге кейінге шегерілді.

Бұл туралы MetaRatings хабарлады. Алғашында кездесу 29 наурызда өтуі тиіс еді, бірақ енді ол 30 наурызға ауыстырылды.

Ресми себеп жарияланған жоқ, бірақ «Жетісу» астаналық клубтың ұсынысына келісімін бергені белгілі.

Матч «Астана Аренада» 16:00-де басталады.