24.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Астана» велошабандозы Приморлық Альп турында жүлделі орын алды

Tour des Alpes Maritimes 2025 велошабысында «Астана» командасының италиялық шабандозы Кристиан Скарони жалпы есепте жеңіске жетті. Ол Bahrain Victorious өкілі Сантьяго Буитрагодан 10 секундқа озып, француз Ленни Мартинесті 12 секундқа артта қалдырды.

Қорытынды 131,8 шақырымдық кезеңде Decathlon AG2R La Mondiale Team спортшысы Дориан Годон мәреге бірінші жетті. Екінші орынды Israel-Premier Tech-тен Джо Блэкмор иеленсе, «Астана» өкілі Никола Кончи үздік үштікті түйіндеді.

«Астананың» басқа велошабандоздары:

  • Лоренцо Фортунато – 5-орын (+0:58)
  • Никола Кончи – 14-орын (+1:31)
  • Клеман Шампуссан – 15-орын (+1:34)
  • Даррен ван Беккум – 32-орын (+7:03)
  • Пьер-Анри Бассет – 33-орын (+7:41)
  • Даниил Марухин – 81-орын (+42:30).