19.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Астана» «Туранды» 7:0 есебімен жеңіп, ҚПЛ маусымының рекордын орнатты

«Астана» «Туранды» 7:0 есебімен жеңіп, ҚПЛ маусымының рекордын орнатты

Қазақстан Премьер-Лигасының 17-ші тур ойынында елордалық «Астана» маусым рекордын орнатты — команда «Туранды» 7:0 есебімен ойсырата жеңді.

Жас талант Нұрали Жақсылық бірінші таймның басты кейіпкері болды — футболшы дубль жасап, нәтижелі пас берді. Үзіліске дейін үй иелері 4:0 есебімен алда болды — Жақсылықтан бөлек Усман Камара мен Назми Грипши гол соқты.

Командалардың бастапқы құрамы:

  • «Астана»: Чондрич, Вороговский, Казуколовас, Калайца, Бартолец, Аманович, Башич, Грипши, Жақсылық, Камара, Чинеду
  • «Туран»: Гошев, Асқаров, Зульфикаров А., Орынбасар, Дүйсенбекұлы, Сапанов, Дарабаев, Чирков, Абдулла, Аббас, Солодовников

Екінші таймда елорда клубы ойынды ойсырата жеңіске жеткізді — Чинеду, Томасов және пенальтиден Каримов гол соқты. Осы жеңістен кейін «Астана» турнир кестесіндегі көшбасшылығын нығайтты — командада 40 ұпай және қосымша екі ойын бар, бұл екінші орындағы «Қайраттан» төрт ұпайға артық.