08.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Астана» сырт алаңда ұтылды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Астана» сырт алаңда ұтылды

«Астана» клубы Конференция лигасының 2025/26 жылғы маусымындағы үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчында Швейцарияда «Лозаннаға» қарсы ойнап, 1:3 есебімен жеңіліп қалды.

Ойын Швейцарияда өтті және алаң иелерінің айқын басымдығымен аяқталды. Жалғыз голды елордалықтар есеп 0:3 болғанда ғана соға алды.

Жауапты матч 14 тамыз күні «Астана Аренада» өтеді. Қайтар ойында үш доптық айырмашылықты қайтарып, келесі кезеңге өту – «Астана» үшін оңай шаруа емес, бірақ толықтай мүмкін емес те емес.

Айта кетейік:
– «Астана» екінші іріктеу кезеңінде Молдованың «Зимбру» клубын (1:1, 2:0) жолынан тайдырды.
– Ал «Лозанна» Солтүстік Македониялық «Вардарды» айқын басымдықпен жеңді (1:2, 5:0).