31.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Астана» шабуылшысы «Зимбруға» қарсы қарымта матч жайлы пікірін айтты

«Астана» шабуылшысы «Зимбруға» қарсы қарымта матч жайлы пікірін айтты

«Астана» шабуылшысы Рамазан Кәрімов Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі «Зимбруға» қарсы қарымта матч жайлы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 «Бірінші матчтағы қателіктерді талдадық. Ертеңгі матчта бар күшімізді салып, келесі кезеңге өтуге тырысамыз. «Зимбру» – өте тұрақты команда, жақсы қорғанады. Біз бірінші матчты толық талдадық және ертеңгі ойынға дайынбыз деп ойлаймын», — деді Кәрімов.