Оқу уақыты: 1 мин

«Астана» шабандозы «Романдия турының» үшінші кезеңінде топ-5 қатарына енді

«Астана» шабандозы «Романдия турының» үшінші кезеңінде топ-5 қатарына енді

Бүгін «Романдия туры» көпкүндік веложарысының үшінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кезең жеңімпазы UAE Team Emirates-XRG командасының шабандозы аустралиялық Джей Вайн атанды. Екінші орынды француз Ленни Мартинес (Bahrain-Victorious) иеленді. Үздік үштікті UAE Team Emirates-XRG клубының тағы бір шабандозы португалиялық Жуан Алмейда түйіндеді.

«Астана» сапында үздік нәтижені Альберто Беттиоль көрсетті. Ол мәреге бесінші болып жетті. Харольд Техада 15-орын, Лоренцо Фортунато 23-орын, Серхио Игита 24-орын және Микеле Гадзоли 82-орын алды. Антон Кузьмин мен Клеман Шампуссен жарысты мерзімінен бұрын аяқтады.

«Романдия туры». Үшінші кезең. Cossonay — Cossonay. 183,1 шақырым.

1. Джей Вайн (Аустралия, UAE Team Emirates-XRG) — 4:03:35
2. Ленни Мартинес (Франция, Bahrain-Victorious) — +0:02
3. Жуан Алмейда (Португалия, UAE Team Emirates-XRG)

5. Альберто Беттиоль (Италия, «Астана»)
15. Харольд Техада (Колумбия, «Астана»)
23. Лоренцо Фортунато (Италия, «Астана»)
24. Серхио Игита (Колумбия, «Астана»)
82. Микеле Гадзоли (Италия, «Астана») — +11:37

Жалпы есеп:

1. Алекс Баудин (Франция, EF Education-EasyPost) — 8:41:53
2. Джуниор Лесерф (Бельгия, Soudal Quick-Step) — +0:05
3. Леннерт Ван Этвельт (Бельгия, Lotto) — +0:06

4. Лоренцо Фортунато (Италия, «Астана») — +0:17
10. Харольд Техада (Колумбия, «Астана») — +0:56
39. Серхио Игита (Колумбия, «Астана») — +1:31
48. Альберто Беттиоль (Италия, «Астана») — +2:23
111. Микеле Гадзоли (Италия, «Астана») — +19:41.