27.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Астана» шабандозы Испаниядағы жарыста екінші орын алды

Жексенбі күні Испанияда «Валенсия аймағының классикасы» атты бір күндік веложарыс өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыста «Tudor» командасының швейцариялық шабандозы Марк Хирши жеңіске жетті. «Астананың» италиялық велошабандозы Кристиан Скарони екінші орын алды. Үшінші орын «UAE Team Emirates-XRG» командасының португалиялық шабандозы Антонио Моргадоға бұйырды.

«Валенсия аймағының классикасы»

Валенсия — Ла-Нусия. 184 шақырым

1. Марк Хирши (Швейцария, «Tudor»)

2. Кристиан Скарони (Италия, «Астана»)

3. Антонио Моргадо (Португалия, «UAE Team Emirates-XRG»).