Оқу уақыты: 1 мин

«Астана» шабандозы 100-ші «Венгрия турында» чемпион атанды

«Астана» шабандозы 100-ші «Венгрия турында» чемпион атанды

XDS Astana Team 100 жылдық тарихы бар жарыстың жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мерейтойлық 100-ші «Венгрия турында» Харольд Мартин Лопес жалпы есепте топ жарды.

Шешуші таулы кезеңде жеңісті жұлып әкеткен Лопес командасының қолдауымен көшбасшылықты сақтап қалды. Қиындығы мол соңғы кезеңде қарсыластар жағдайды өзгерте алмады — жеңіс Қазақстанда қалды.

«Бұл ортақ еңбектің жемісі. Команданың қолдауы бәрінен де маңызды», — деді Лопес жарыс аяқталған соң.