11.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Астана» шабандоздары «Коппа Сабатини» жарысына қатысады

«Астана» шабандоздары «Коппа Сабатини» жарысына қатысады

XDS Astana Team командасы 11 қыркүйекте өтетін италиялық «Коппа Сабатини» бір күндік жарысында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты XDS Astana Team-ға сілтеме жасап.

Команда құрамы: Клеман Шампуссан, Микеле Гадзоли, Флориан Каямини, Кристиан Скарони, Диего Улисси және XDS Astana Development Team-ның екі шабандозы, Маттиа Негренте және Лудовико Меллано.

Спорт директор: Бруно Ченьялта, Дарио Катальдо.