15.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Астана» ҚПЛ матчында «Оқжетпестен» жеңіске жетті

«Астана» ҚПЛ матчында «Оқжетпестен» жеңіске жетті

Қазақстан Премьер-Лигасының 12-ші тур матчында елордалық «Астана» өз алаңында көкшетаулық «Оқжетпесті» 5:2 есебімен жеңді.

Қонақтар күтпеген жерден есеп ашты — бірінші таймда Стахинья Йованович пен Никола Цуцкич гол соқты. Алайда үй иелері мықты ойын көрсетті — Усман Камара, Назми Грипши және Марин Томасов сегіз минут ішінде командасын алға шығарды.

Екінші таймда Макс Эбонг пен Станислав Басманов соңғы есепті белгіледі — 5:2. Марин Томасов үш голдық пас берді.

Осы жеңістен кейін «Астана» 30 ұпаймен турнир кестесін басқарса, «Оқжетпес» 20 ұпаймен бесінші орында тұр.