01.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Астана» – «Қайсар» матчы кейінге шегерілді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Астана» – «Қайсар» матчы кейінге шегерілді

Қазақстан Премьер-лигасының 19-туры аясында 3 тамыз күні өтуі тиіс болған «Астана» мен «Қайсар» арасындағы матч белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды. Бұл туралы ҚФФ ресми сайты хабарлады.

Ойынның уақытын шегеру туралы шешім қос клубтың өзара келісімімен қабылданған. Жаңа күн мен матч өтетін орын кейінірек жарияланады.

Айта кетейік, маусымның алғашқы айналымында өткен екі команданың кездесуі 1:1 есебімен тең аяқталған болатын.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!