12.12.2024
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Астана» өз алаңында «Челсиге» есе жіберді

«Астана» Алматыда Лондонның «Челси» командасымен Конференция лигасының топтық кезеңінде кездесті. Ойын 1:3 есебімен «Астананың» жеңілісімен аяқталды, — деп жазады Sports.kz.

Командалардың бастапқы құрамы мынадай болды:
«Астана»: Сейсен, Бартолец, Калаица, Казуколовас, Вороговский, Эбонг, Чинеду, Томасов, Марочкин, Камара, Аманович;
«Челси»: Йоргенсен, Дизази, Адарабиойо, Педру Нету, Чуквуэмека, Дьюсбери-Холл, Джордж, Ачеампонг, Гию, Ренату Вейга, Рак-Сакьи.

Қонақтар айқын басымдыққа ие болды. Бірінші таймнан-ақ Марк Гию дубль жасап, кейін Ренату Вейга есепті еселеді. Марин Томасов қақпа бағанасынан алыстау тұстан соққы жасап, есеп айырмасын қысқартты. Екінші таймда ағылшындарда тағы да бірнеше мүмкіндік болды, алайда есеп өзгеріссіз қалды.

«Астана» келесі матчын 20 желтоқсанда сырт алаңда Кипрдің АПОЭЛ командасына қарсы өткізеді.