05.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Астана» овертаймда «Нижний Новгородқа» есе жіберді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Баскетболдан «Астана» командасы ВТБ Біріккен Лигасы аясында «Нижний Новгородқа» қарсы өз алаңында матч өткізді.

Кездесу қазақстандықтар үшін сәтсіз басталды, алғашқы кезеңде қонақтарға жол беріп қойды. Алайда, «Астана» кейінгі үш кезеңде ойынның бағытын өзгертіп, негізгі уақытта есепті теңестірді. Ойын тағдыры овертаймда шешілді, онда «Нижний Новгород» жеңіске жетті.

«Астананың» ең үздік ойыншысы Ти Джей Старкс болды — ол 23 ұпай жинады. Сонымен қатар, Григорий Мотовилов (19 ұпай), Даниель Утоми (14), Данила Походяев (11), Андрей Десятников пен Галлин Смит (әрқайсысы 6 ұпай), Владислав Исаенко (3 ұпай) жақсы нәтиже көрсетті.

Келесі матчта «Астана» 8 наурыз күні өз алаңында «Уралмаш» (Екатеринбург) командасын қабылдайды.