28.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Астана» Молдовада алғашқы жаттығуын өткізді

«Астана» Молдовада алғашқы жаттығуын өткізді

«Астана» ойыншылары Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы Молдованың «Зимбру» командасына қарсы қарымта матчқа Кишиневке келді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Команда ойыншылары матч алдында алғашқы жаттығуын өткізді.

Айта кетейік, командалардың Астанадағы алғашқы ойыны күтпеген жерден тең аяқталды — 1:1. «Астана» – «Зимбру» кездесуінің жеңімпазы Конференция лигасы іріктеу кезеңінің үшінші раундындағы «Вардар» (Солтүстік Македония) — «Лозанна» (Швейцария) арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды.