14.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Астана» мен «Елімай» голға бай ойында тең түсті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Астана» мен «Елімай» голға бай ойында тең түсті

Қазақстан Премьер-лигасының 23-турында елордалық «Астана» өз алаңында Семейдің «Елімайымен» кездесті. Қос команданың ойыны голға өте бай өтіп, қорытынды есеп 3:3 болып тіркелді.

Матчтың алғашқы бөлігінде «Астана» басым ойнады. 14-минутта Невен Грипши есеп ашса, 27-минутта Андрей Аманович есепті 2:0-ге жеткізді. Дегенмен, 32-минутта Карлос Ролон бір голды қайтарып, «Елімайды» ойынға қайта қосты – 2:1.

Екінші таймда тартыс күшейді. 57-минутта Ғалым Кенжебек таразы басын теңестірді – 2:2. 61-минутта Грипши дубль жасап, алаң иелерін алға шығарғанымен, араға үш минут салып, 64-минутта Илья Свиридов есепті қайта теңестірді – 3:3.

Осылайша, екі жақ та үш ұпайға қол жеткізе алмады. «Астана» да, «Елімай» да бір-бір ұпайдан еншіледі.