01.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Астана» Лига конференциясының үшінші іріктеу кезеңіне өтті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Фото ФК "Астана"

Футболдан елордалық «Астана» клубы Лига конференциясының екінші іріктеу кезеңін сәтті еңсерді. Қос матчтың қорытындысы бойынша олар Молдованың «Зимбру» клубынан басым түсті. Кишиневте өткен жауапты кездесу 2:0 есебімен қазақстандықтардың пайдасына аяқталды.

Ойынның алғашқы таймында-ақ Григорий Бабаян шәкірттері жеңісті жұлып алды. 18-минутта Джеффри Чинеду  дәл соққымен допты қақпаның қиылысына қадады. Арада үш минут өткенде Марин Томасов қарсы шабуылға шығып, допты Усман Камараға жеткізді. Камара қарсылас қорғаушысын алдап өтіп, қақпашыны қапы қалдырды.

Екінші таймда алаң иелері есепті қысқартуға тырысқанымен, «Астана» сенімді ойнап, жеңісті уыстан шығармады.

Астанада өткен алғашқы ойын 1:1 есебімен тең аяқталған еді. Үшінші іріктеу кезеңінде елордалықтар Швейцарияның «Лозанна» клубы мен Солтүстік Македонияның «Вардары» арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!