23.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Астана» КПЛ матчында «Ақтөбені» пенальтимен жеңді

«Астана» КПЛ матчында «Ақтөбені» пенальтимен жеңді

Қазақстан Премьер-Лигасының 13-ші тур матчында елордалық «Астана» сырт алаңда «Ақтөбемен» кездесті.

Алаң иелері келесі құраммен шықты: Влад, Каиров, Скворцов, Агбо, Думбия, Кики, Жан, Омиртаев, Анджелкович, Усенов, Вэтэжелу. Қонақтар құрамы: Сейсен, Томасов, Бартолец, Калаица, Казуколовас, Вороговский, Эбонг, Камара, Аманович, Грипши, Каримов.

Бірінші тайм тең күреспен өтті — командалар қауіпті сәттер аз жасады. Үзілістен кейін «Ақтөбе» белсенділігін арттырды, алайда матч тағдырын қонақтарға берілген пенальти шешті — Грипши 84-ші минутта он бір метрлік соққыны сәтті орындады.

Осы жеңістің арқасында «Астана» турнир кестесіндегі көшбасшылығын нығайтты — елорда клубында енді 33 ұпай бар, бұл екінші орындағы «Қайраттан» үш ұпайға артық. «Ақтөбе» 26 ұпаймен төртінші орында тұр.