Оқу уақыты: 1 мин

«Астана» клубы жаңа заңнан кейін қиындыққа тап болды — Бекенов түсініктеме берді

«Астана» клубы жаңа заңнан кейін қиындыққа тап болды — Бекенов түсініктеме берді

«Астана» футбол клубының бас директоры Қайсар Бекенов «Nursultan Qurman» YouTube-арнасына берген сұхбатында клубтағы қазіргі қаржылық және кадрлық жағдай туралы пікір білдірді.

Оның айтуынша, қиындықтар сәуір айында күшіне енген жаңа заңнан кейін туындаған. Бұл құжат бюджет пен квазимемлекеттік сектор есебінен шетелдік легионерлерді қаржыландыруға тыйым салады.

«Бұл мәселе тек бізде ғана емес, барлық қазақстандық клубтарда бар. Қазіргі жағдайда бұл заңға дайын клуб — мүмкін тек ‘Қайрат’ шығар», — деді Бекенов.

Клуб басшысы бас бапкер Григорий Бабаянның команданы жаңа ойыншылармен күшейту мүмкін емес деген сөзін растады. Енді «Астана» трансферлік саясатқа елеулі өзгерістер енгізуге мәжбүр.

Бұл жағдай клубтың алдағы маусымдағы жоспарына да әсер етуі мүмкін, әсіресе еурокубоктық додаға дайындық кезінде.