24.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

КЛ: «Астана» жеңіске жете алмады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
КЛ: «Астана» жеңіске жете алмады

«Астана» Конференция лигасындағы жорығын тең нәтижемен бастады. Екінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчында елордалық ұжым өз алаңында Молдаваның «Зимбру» клубын қабылдап, 1:1 есебімен тең түсті.

Бірінші таймда қонақтар сапынан Гай Дахан есеп ашты. Алаң иелері ойын тізгінін қолға алғанымен, гол соғу тек екінші таймда мүмкін болды. 56-минутта Иван Башич таразы басын теңестірді.

Қалған уақытта «Астана» бірнеше рет гол соғатын сәттерге ие болды, бірақ нәтижелі аяқтай алмады. Енді жолдаманың тағдыры 31 шілдеде Молдовада өтетін қарымта кездесуде шешіледі.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!