23.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Астана» кениялық қорғаушы үшін 930 млн ұсынды

«Астана» клубы Польшаның «Ракув» клубының кениялық қорғаушысы Эрик Оуманы қатарынан көргісі келеді. Transferfeed мәліметінше, Оумаға бірқатар клубтың, соның ішінде «Астананың» да көзі түскен. Бұл туралы 1bol.kz жазды.

Елордалық ұжым қорғаушы үшін 1,7 миллион еуро (931,6 миллион теңге) төлеуге дайын. Алайда «Ракув» өз ойыншысының құны 2,5 миллион еуродан кем емес деп отыр. Сондықтан бұл ұсыныстардан бас тартқан.

Оума польшалық клуб сапында былтырдан бері өнер көрсетеді. Швецияның АИК клубы оны 700 мың еуроға сатқан. Футболшының қазіргі келісімшарты 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін есептелген. Transfermarkt оны 850 мың еуроға бағалаған.

28 жастағы кениялық өз мансабында швециялық «Васалундс», албаниялық «Кастриоти», грузиялық «Колхети-1913» және кениялық «Гор Махиа» клубтарында өнер көрсеткен.

2016 жылдан бері ұлттық құрамаға шақыртылып келеді.