09.05.2025
Оқу уақыты: 2 мин

«Астана» гол соғады, «Елімай» жеңілмейді» —ҚПЛ-дың 8-турына «Жайық» қақпашысының болжамы

«Астана» гол соғады, «Елімай» жеңілмейді» —ҚПЛ-дың 8-турына «Жайық» қақпашысының болжамы

10 мамырда Қазақстан премьер-лигасының 8-тур ойындары басталады.

Чемпионат көшбасында 9 матчтан кейін 23 ұпай жинаған алматылық «Қайрат» тұр. Екінші орында – бір ойыны кем «Астана», елордалықтардың еншісінде 18 ұпай бар. Үздік үштікті екі ойыны кем және 16 ұпайы бар «Ақтөбе» түйіндеп тұр.

«Жайық» футбол клубының қақпашысы Азат Бақытов Sport Pulse порталына алдағы тур ойындарына болжамын айтты.

«Қызылжар» – «Ұлытау»

— «Қызылжар» мен «Ұлытау» кездесуі қалай аяқталады деп ойлайсыз?

— Екі команда да көп гол соқпайды. Сондықтан «Қызылжар» минималды есеппен — 1:0 есебімен жеңіске жетеді деп ойлаймын.

«Тұран» – «Атырау»

— «Тұран» мен «Атырау» арасындағы ойын туралы не айтасыз?

— «Атырау» соңғы уақытта жеңіссіз серияда жүр. Сол себепті «Тұран» бірінші болып гол соғып, 2:1 есебімен жеңеді деп есептеймін.

«Тұран» ФК

«Астана» – «Тобыл»

— «Астана» мен «Тобыл» ойыны тең дәрежеде өтетін сияқты. Сіздің болжамыңыз?

— Екі команда да гол соғады. Бұл матч тең аяқталады деп ойлаймын.

 «Тобыл» — «Қызылжар» 2:1  матчынан сурет 

«Жетісу» – «Оқжетпес»

— Командалардың қазіргі формасына қарап, фаворит кім деп ойлайсыз?

— «Оқжетпес» өте жақсы формада, ал «Жетісу» керісінше, ұтылып жатыр. Сондықтан «Оқжетпес» жеңісті жолын жалғастырады деп сенемін.

«Ордабасы» – «Қайсар»

— Бұл ойында не күтуге болады?

— «Ордабасы» бір жауапсыз гол соғып, жеңіске жетеді деп ойлаймын.

«Ақтөбе» – «Елімай»

— «Ақтөбе» мен «Елімай» матчы ерекше назарда. Не күтесіз?

— Бұл ойын бұрынғы «Ақтөбе» бапкері Карпович үшін өте маңызды. «Елімай» — оңайшылықпен берілетін команда емес. Бұл жолы семейлік ұжым жеңілмейді деп ойлаймын.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!