05.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Астана» еурокубоктар себебінен «Тобылмен» ойынның шегерілгенін жариялады

«Астана» еурокубоктар себебінен «Тобылмен» ойынның шегерілгенін жариялады

«Астана» ФК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Премьер-Лигасының 20-шы тур аясындағы қостанайлық «Тобылмен» матчы кейінгі мерзімге шегерілді.

«Тобыл» — «Астана» матчы ҚПЛ-дің 20-шы туры аясында 10 тамызда өтуі тиіс болатын, екі жақтың келісімімен 19 қыркүйекке ауыстырылды», — деп хабарлайды елорда клубының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта чемпионаттың турнирлік кестесінде алматылық «Қайрат» 43 ұпаймен көш бастап тұр — бір ойыны кем «Астанадан» үш ұпай алда, ал «Тобыл» 38 ұпаймен үшінші орында тұр.

Матчтың шегерілуі елорда командасының еурокубоктарға қатысуымен байланысты — «Астана» Конференциялар Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде швейцариялық «Лозаннамен» 7 және 14 тамызда ойнайды.