15.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Астана» еурокубокпен қош айтысты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Астана» еурокубокпен қош айтысты

Қазақстан чемпионы «Астана» Конференция лигасының іріктеу кезеңінде швейцариялық «Лозаннаға» екінші рет есе жіберіп, турнирден шығып қалды.

Алғашқы таймда есеп ашылмады. Бірақ екінші бөліктің басында қонақтар тосыннан гол соқты — 48-минутта Беят Лекури Мухамеджан Сейсен қорғаған қақпаны дәл көздеді. 69-минутта Гассу Диаките қарсы шабуылда нәтижелі соққымен көзге түсіп, есепті 0:2-ге жеткізді.

86-минутта «Астана» бір ойыншысынан айырылды — Макс Эбонг екінші ескерту алып, алаңнан қуылды. Қалған уақытта есеп өзгермей, матч 0:2 есебімен аяқталды.

Алғашқы кездесуде де елордалықтар сырт алаңда 1:3 есебімен жеңілген болатын. Осылайша, қос ойын қорытындысы бойынша «Астана» жалпы 1:5 нәтижесімен турнирден шығып қалды.

Енді Қазақстанның Еуропадағы жалғыз өкілі — алматылық «Қайрат». Ол Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде Шотландияның «Селтигіне» қарсы ойнайды. Егер «Қайрат» қарсыласынан өте алмаса, Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетеді.