Оқу уақыты: 1 мин

«Астана» бас директоры УЕФА қаражатының жұмсалу егжей-тегжейін ашты

«Астана» бас директоры УЕФА қаражатының жұмсалу егжей-тегжейін ашты

«Nursultan Qurman» YouTube-арнасының мәліметінше, «Астананың» бас директоры Қайсар Бекенов УЕФА-дан еурокубоктарға қатысқаны үшін түсетін қаражатты жұмсау жүйесін түсіндірді.

УЕФА-дан түсетін ақша федерация (ҚФФ) арқылы тікелей клубқа түседі. Көпшілік түсінбейді, команда еурокубоктардың топтық кезеңіне шыққанда, ұшақ билеттері мен сапарларға ақша қажет, бәрі қымбат, сондай-ақ командаға сыйлықақы төлеу керек, көп шығын бар. УЕФА ақша бергенде, бізге бірден ескертеді, бұл қаражатқа еурокубоктар кезінде команданың ұшу және тұру шығындарын төлеуіміз керек

Ағымдағы маусымда астаналық клуб Конференциялар лигасына қатысты — команда топтық кезеңде алты матч өткізіп, бір жеңіс, екі тең ойын көрсетіп, үш рет жеңілді. Турнирге қатысқаны үшін «Астана» УЕФА-дан 3,863 миллион еуро, яғни шамамен 1,962 миллиард теңге алды.