10.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Астана» бас бапкері Григорий Бабаян «Қызылжарға» қарсы жеңісті бағалады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Астана» командасының бас бапкері Григорий Бабаян Премьер-лиганың екінші турында «Қызылжарды» 2:0 есебімен жеңген матч туралы пікірін білдірді.

«Ойын өте жақсы өтті, жігіттердің доппен жұмыс істеуі ұнады. Алаңның сапасын ескерсек, біз көптеген мүмкіндік жасадық. Есепті 5:0 немесе 6:0-ге дейін жеткізуге болар еді. 20-дан астам тура соққы жасадық, төрт рет қақпа бағанасы мен қақпа маңдайшасын дәл көздедік. Сәл ғана сәттілік жетіспеді.

Бірінші таймның 45-ші минуты жетпей-ақ 3-4 гол соға алатын едік. Екінші таймда да көптеген мүмкіндіктерді жіберіп алдық. Бұл бағытта әлі де жұмыс жасау қажет.

Алаңның сапасы да әсер етті. 2021 жылы «Тоболда» жұмыс істегенімде алаңды ауыстыруды жоспарлаған еді. Алайда 2025 жылға келіп, командалар әлі де нашар сападағы алаңда ойнап жүр.

Бірақ ойыншылар жақсы бейімделді. Допты өңдеуге көп уақыт кетіп, қарсылас қорғанысын қайта құрып үлгерсе де, біз шабуылдаудың жолдарын тауып отырдық. Ең бастысы, жеңіске жеттік және ойыншылардың барлығы жарақатсыз қалды.

Енді ұлттық құраманың ойыншылары өз командаларына қосылады. Мен Али Алиевтің басшылығындағы Қазақстан құрамасына алдағы матчтарда сәттілік тілеймін. Біз 15 наурызға дейін жаттығуды жалғастырамыз, одан кейін жігіттерге бірнеше күн демалыс береміз», — деді Бабаян.

Еске салайық, екі турдан кейін «Астана» Премьер-лига кестесінде төрт ұпаймен екінші орында тұр.