21.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Астана» БАӘ-дегі қысқы жиындарын аяқтады

Клуб баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Астана» футбол клубы Дубайда (Біріккен Араб Әмірліктері) өткен оқу-жаттығу жиындарын аяқтады.

Елорда клубының ресми инстаграм парақшасында хабарлама жарияланды:

Дубайдағы оқу-жаттығу жиындары ресми түрде аяқталды. Енді команда маусымның алғашқы ойынына «Қайратпен» кездесуге дайындалады.

Астаналық команданың бірінші жиыны 18.01-ден 02.02-ге дейін өтті. Осы кезеңде мәскеулік «Спартакпен» жолдастық кездесу өткізілді. Дайындықтың екінші кезеңі 07.02-де басталды. Осы уақыт ішінде бапкерлер штабының шәкірттері «Галф Юнайтед» (БАӘ) «Чжэцзян» (Қытай) «Краснодар» (Ресей) және «Динамо Самарқанд» (Өзбекстан) командаларымен төрт бақылау кездесуін өткізді.