05.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Астана 2026 жылғы Болашақ ойындарының астанасы атанды

Астана 2026 жылғы Болашақ ойындарының астанасы атанды

Астана 2026 жылғы Болашақ Ойындарының ресми астанасы болып жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің хабарлауынша, бұл туралы Дубай қаласында өткен World Phygital Summit 2025 халықаралық саммитінде Қазақстанда Болашақ Ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі ресми оператор – «Казспортинвест» АҚ басшысы Әлібек Хасенов мәлімдеді.

«Біз 100-ден астам елден қатысушыларды қабылдауды жоспарлап отырмыз және әлемнің түкпір-түкпірінен жанкүйерлердің көптеп келуін күтеміз. Турнир жоғары деңгейде өтетініне сенімдіміз, өйткені еліміз ірі халықаралық іс-шараларды ұйымдастыруда үлкен тәжірибеге ие», – деді Әлібек Хасенов саммит барысында сөйлеген сөзінде.

Бұл турнирді өткізу құқығына Қазақстаннан бөлек, Перу мен Чили мемлекеттері үміткер болған еді. Қатысушылар жарыста физикалық және цифрлық форматтарды біріктіретін бағдарламаларда сынға түседі.

«Болашақтың ойындарын» Қазақстанда өткізу бастамасын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы Қазан қаласында өткен алғашқы ойындардың ашылу салтанатында ұсынған еді. Келесі жылғы турнир БАӘ-де, ал 2026 жылы Астанада өтетін болып бекітілді.