19.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Асхат Тағыберген Магомед Адиев туралы пікір білдірді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан ұлттық құрамасының және «Ордабасы» клубының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген 2022-2024 жылдары құраманы басқарған ресейлік маман Магомед Адиевтің жұмысы туралы ойын айтты.

Футболшының айтуынша, жаңа бас бапкердің келуі соңғы жылдардағы құраманың жетістіктеріне үлкен әсер еткен.

«Магомед Адиевтің келуі команда үшін үлкен серпіліс болды. Қазақстандық жанкүйерлер оны жақсы біледі, өйткені құраманың жеңістері оның есімімен байланысты. Әрине, алаңда нәтиже ойыншыларға байланысты, бірақ ол өте мықты мотиватор еді. Меніңше, жетістіктің басты себебі – осы», – деді Тағыберген журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында.

Магомед Адиев жаттықтырған кезеңде Қазақстан құрамасы 21 матч өткізді:

  • 11 жеңіс,
  • 1 тең ойын,
  • 9 жеңіліс.

Оның басшылығымен команда Ұлттар лигасында тарихи серпіліс жасадыСловакия мен Данияны жеңді. Сондай-ақ, Еуро-2024 іріктеу кезеңінде керемет ойын көрсетіп, плей-оффқа дейін жетті. Алайда, шешуші матчта Грекияға жол беріп, құрлықтық додаға өте алмады.