19.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Асхат Тағыберген «Тобыл» сапындағы 100-матчында қызыл қағазбен жазаланды

Асхат Тағыберген «Тобыл» сапындағы 100-матчында қызыл қағазбен жазаланды

Қазақстан Премьер-лигасының 20-турының кейінге шегерілген маңызды матчы аясында қостанайдың «Тобылы» өз алаңында «Астана» футбол клубын қабылдады.

Бұл ойында Асхат Тағыберген «Тобыл» сапындағы мерейтойлы 100-матчын өткізді. Бірақ Асхат бұл матчта толық ойын өткізе алмады.

Алғашқы таймның 37-минутында «Тобыл» капитаны қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Енді Тағыберген алдағы «Ордабасымен» өтетін маңызды матчқа қатыса алмайды.