22.12.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Асхат Тағыберген мансабын қостанайық клубта жалғастыра береді

Асхат Тағыберген мансабын қостанайық клубта жалғастыра береді

Асхат Тағыберген мансабын қостанайық «Тобыл» сапында жалғастыра береді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Павлодардың «Ертісі» мен ҚПЛ-дың бірнеше командасының қызығушылығына қарамастан Асхат Тағыберген қазіргі командасында қалу туралы шешім қабылдады. Екі тарап өзара мәмілеге келді. «Тобыл» жақын арада көшбасшыларының бірімен келісімшартты ұзартқанын ресми түрде хабарлайды деп күтілуде.

2025 жылы қазақстандық жартылай қорғаушы «Тобыл» сапындағы 21 кездесуде 2 гол соғып, 2 мәрте нәтижелі пас берді.

Асхат Тағыберген 1990 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қазірге дейін «Қайсар», «Ақтөбе», «Астана», «Тобыл», «Ордабасы» клубтарында доп тепті.