24.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Әсетов маусым қорытындысын шығарып, «Барыс» жанкүйерлеріне үндеу жасады

SPORT+ мәліметі бойынша, «Барыстың» негізгі ойыншыларының бірі — шабуылшы Әлихан Әсетов аяқталған хоккей маусымына қорытынды жасады.

Маусым аяқталды — қиын, құлдыраулар мен күрделі сәттері бар маусым болды. Бірақ біз бұл жолды бірге жүріп өттік, бұл басты жетістік. Сенім артқан, стадионда және экран алдында бізбен бірге болған әрбір жанға алғыс. Сіздердің қолдауларыңыз, біздің басты ынталандырушымыз. Біз сіздерді естідік, әр трибунаны, әр дауысты сезіндік. Бұл — баға жетпес дүние. Біз күштірек болып, келесі маусымда нағыз хоккейді көрсетіп, қуантуға қайта ораламыз. Жақын арада кездескенше!