Оқу уақыты: 1 мин

As: VAR жүйесі болмаған жағдайда «Реал» Ла Лигада көш бастай алар еді

As: VAR жүйесі болмаған жағдайда «Реал» Ла Лигада көш бастай алар еді

Испандық As басылымы бейнеқайталау жүйесінің Ла Лиганың турнирлік кестесіне әсерін талдады.

Зерттеу нәтижесі бойынша, мадридтік «Реал» чемпионатта 88 ұпаймен көш бастауы мүмкін еді — бұл қазіргі көрсеткіштен жеті ұпайға артық. Қазіргі чемпион «Барселона» мұндай жағдайда көшбасшыдан сегіз ұпай артта қалып, екінші орынды иеленер еді.

«Атлетико Мадрид» қазіргі 70 ұпайдың орнына 77 ұпаймен үшінші орнын сақтап қалар еді. Ең елеулі өзгерістер «Мальоркаға» қатысты болар еді — VAR-сыз команда он ұпай жоғалтып, оныншы орыннан он жетінші орынға түсіп қалуы мүмкін еді.