13.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Аружан Сағындықова Ташкенттегі жарыста сүрінді

Аружан Сағындықова Ташкенттегі жарыста сүрінді

Қазақстандық теннисші Аружан Сағандықова Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан ITF W15 турнирінің 1/8 финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің екінші айналымында қазақстандық Влада Зверевамен (Беларусь) кездесті.

1 сағат 55 минутқа созылған кездесу 6:4, 6:3 есебімен Звереваның пайдасына шешілді.

1/4 финалда беларусь теннисшісі америкалық Миа Хорвитпен ойнайды.