07.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Аружан Сағандықова Қытайдағы жарыста топ жарды

Аружан Сағандықова Қытайдағы жарыста топ жарды

Қазақстандық теннисші Аружан Сағандықова Қытайда өткен W15 турнирінің финалында ресейлік спортшыны ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемнің 958-ші ракеткасы Санагдықова әлемнің 797-ракеткасы Мария Калякинадан екі сетте 6:4, 6:3 есебімен басым түсті. Матч бір жарым сағаттан астам уақытқа созылды.

Турнир барысында қазақстандық спортшы Луксе Чао, Лиян Ли, Ли Хуан, Янан Ху сияқты қарсыластарынан басым түсті.