Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

«Ару-Астананың» бас бапкері Түркияда біліктілігін арттыруда

Досымжан Науханов
Досымжан Науханов
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Ару-Астана» волейбол клубының бас бапкері Мейірбек Нұғұспанов біліктілігін арттыру үшін Түркияда жүр. Ол әлемнің үздік командалардың бірі – Ыстамбұлдың «Вакифбанк» ұжымының жаттығу жұмыстарына қатысуда.

«Түркияға бүгін түнде келдік. Екі күн бойы «Вакифбанк» волейболшыларының жаттығу жұмыстарын көреміз. 9 сәуірде олар ойын өткізеді. Сол матчты да тамашалаймыз. Команданың қалай жұмыс жүргізетінін білеміз. Үш жыл бұрын да осында болдық. Қазіргі бапкері Джованни Гуидеттимен «Вакифбанк» клубында кезінде жұмыс істеген жаттықтырушы, қазір Франция құрамасын баптайтын Сезар Эрнандес арқылы таныстық.

Чемпионаттан кейін бос уақытым болса, мен бірден сабақ оқимын. Биыл 30-31 наурызда кәсіби дене шынықтыру семинарына қатыстық. Мамырдың ортасында оңалту болады. Одан кейін тағы да семинар өтеді деп жоспарлануда. Осы арқылы өзімізді әрі қарай дамытамыз», – деді Нұғұспанов.

Естеріңізге сала кетейік, оның «Ару-Астана» командасы өткен жылы ғана Ұлттық лигаға жолдама алып, аутсайдер саналған еді. Алайда дебютант команда тәжірибелі қарсыластарға лайықты қарсылық көрсетіп, маусымды 7-орында аяқтады.