28.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Ару-Астана» волейболшылары плей-офф сынына қатысу үшін Өскеменге аттанды

Досымжан Науханов
Досымжан Науханов
5.0 Рейтинг
21 Комментарии
«Ару-Астана» волейболшылары плей-офф сынына қатысу үшін Өскеменге аттанды

Бүгін «Ару Астана» волейбол клубы Өскеменге жол тартты. Онда елордалық клуб Ұлттық лиганың плей-офф сынына қатысады. Бұл туралы Sport Pulse порталына «Ару Астананың» бас бапкері Мейірбек Нұғұспанов хабарлады.

«Волейболшылар жақында Алматыда өткен «Сезім» атты фильмнің түсірім жұмыстарына қатысқан еді. Сондықтан екі күн жаттығу жұмыстары болған жоқ. Дегенмен, қыздардың көңіл күйлері жақсы және олар плей-оффта барын салып ойнауға дайын», – дейді бапкер.

Ұлттық лиганың шешуші ойындары 2-13 наурыз аралығында өтеді. «Ару Астана» плей-офф сынының алғашқы матчында Түркістанның «Тұран» волейболшыларымен кездеспек.