12.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Ару-Астана» волейболшылары «Алматы» командасын жеңіп, Ұлттық лигада 7-орын алды

«Ару-Астана» волейболшылары «Алматы» командасын жеңіп, Ұлттық лигада 7-орын алды

Өскеменде Ұлттық лигада 7-орын үшін өткен плей-офф кезеңінің шешуші матчы аяқталды. Тартысқа толы кездесуде «Ару-Астана» волейболшылары «Алматы» командасын 3:2 (26-24, 17-25, 23-25, 25-23, 12-15) есебімен тізе бүктірді.
Осылайша, астаналық ұжым екі жеңіске дейінгі серияда жеңімпаз атанды. Бірінші матчта «Ару-Астана» алматылықтардан 3:1 (23-25, 21-25, 25-23, 25-27) есебімен басым түскен болатын.

Sport Pulse тілшісінің сұрағына жауап берген «Ару-Астананың» бас бапкері Мейірбек Нұғұспанов команда қарсыластың ойынына жан-жақты талдау жүргізгенін айтты:

Біз «Алматы» волейболшыларының күшті және әлсіз тұстарын мұқият зерттедік. Екі жеңіске дейінгі серияға қойылған басты міндет эмоцияларды басқара білу, ойын тәртібін сақтау және матч жоспарын орындау еді. Қыздар барлығын сәтті жүзеге асырды.

Екінші кездесуде алматылықтар ойын қарқынын үдетті. Сондықтан бізге үшінші, төртінші және бесінші кезеңде әр ұпай үшін күресте көп тер төгуге тура келді».

Айта кетерлігі, Мейірбек Нұғұспановтың командасы өткен жылы ғана Ұлттық лигаға жолдама алып, аутсайдер саналған еді. Алайда дебютант команда тәжірибелі қарсыластарға лайықты қарсылық көрсетіп, маусымды 7-орында аяқтады.