21.01.2025
Оқу уақыты: 2 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Ару-Астана» ВК бапкері Ұлттық лиганың 3-ші турындағы ойындарын қорытындылады

Досымжан Науханов
Досымжан Науханов
5.0 Рейтинг
21 Комментарии
DSC 0427

Петропавлда волейболдан әйелдер арасындағы ұлттық лиганың 3-ші тур ойындары аяқталды. Бәсекеде 10 команда күш сынасқан.

3-ші турдың қортындысы бойынша, турнирлік кестеде 58 ұпаймен Қазақстан Кубогінің иегері «Жетісу» ұжымы тұр. Соңғы ойында талдықорғандықтар Өскеменнің «Berel» клубын 2:3 есебімен тізе бүктірді. Өскемендіктер 55 ұпаймен екінші сатыда орналасқан. Ал турдың соңғы матчында Ертістен 3-0 есебімен басым түскен Петропавлдың «Қуаныш» волейболшылары 49 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Источник фото volleykz 3
 volley.kz сайтынан алынды

3-ші турдың үздік ойыншылар қатарында елордалық «Ару-Астана» клубынан Салтанат Сапарғалиева бар.

Салтанат Сапаргалиева 3
Салтанат Сапарғалиева 

«Ару-Астана» бапкері Мейірбек Нұғұспанов команданың Ұлттық лиганың 3-ші турындағы ойындарын қорытындылап алдағы жоспарларымен бөлісті.

«Өкінішке орай, соңғы матчта жеңісті «Ақтөбеге» беріп қойдық. Дегенмен, біз осы жолы «Грация KZ» волейболшыларын тізе бүктірдік. Бұл біз үшін өте маңызды жеңіс болды. Өйткені бұған дейін Жоғары лиганың ақтық сынында Оралдан келген командаға чемпиондықты беріп қойған едік. Қорыта келе, волейболшыларымыз бұл турда жақсы ойын көрсетті…
Енді, екі күн демаламыз. Өзімізді қалпымызға келтіреміз. Осы аптаның соңына дейін спорт залға барып, дене шынықтырумен айналысамыз. Ал келесі аптаны командалық өзара әрекеттесуге арнаймыз.
Келесі тур бізге өте маңызды. Біз Ертіс, Грация кз және Алматы командасына қарсы ойындар өткіземіз», – деді Мейірбек Нұғұспанов.

Ұлттық лиганың 4-ші туры Талдықорғанда өтпек. Ойындар 4-ші ақпанда басталады.