02.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Артём Дзюба ресейлік клубта қалады

Артём Дзюба ресейлік клубта қалады

36 жастағы «Акрон» шабуылшысы Артем Дзюба алматылық «Қайратқа» ауыспайды және ресейлік клуб сапында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біздің клубпен ресейлік футболдың үздік сұрмергені атанған шабуылшы тағы бір маусымға келісімшартқа отырды! Өткен маусымда Артем Ресей Премьер-лигасында 22 матч өткізіп, 9 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді. Ресей кубогында ойыншы екі ойын өткізіп, бір гол соқты», — деп жазды Акрон баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін «Қайрат» президенті Қайрат Боранбаев Артем Дзюбаның жазғы трансфер терезесінде алматылық клубқа ауысуы мүмкін екенін айтқан болатын.