Оқу уақыты: 1 мин

Артём Антропов — Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Артём Антропов — Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Қытайдың Цзяншань қаласында өткен ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қазақстандық зілтемірші Артём Антропов 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге ие болды.

Жалпы есепте Антропов 386 кг (165+221) нәтижемен екінші орын алды. Ол тек Олимпиада чемпионы, қытайлық Лю Хуаньхуаға (410 кг) ғана есе жіберді.

Антропов жеке жаттығуларда да жүлдесіз қалған жоқ:
Серпе көтеру — күміс
Жұлқа көтеру — қола

Жарыс қорытындысы (102 кг):

  1. 🇨🇳 Лю Хуаньхуа — 410 кг (180+230)

  2. 🇰🇿 Артём Антропов — 386 кг (165+221)

  3. 🇹🇲 Давранбек Хасанбаев — 377 кг (182+195)