19.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Артур Шушеначев «Қайратпен» келісімшартқа отыруы мүмкін

Артур Шушеначев «Қайратпен» келісімшартқа отыруы мүмкін

27 жастағы қазақстандық шабуылшы Артур Шушеначев израильдік «Хапоэльге» оралмайды, деп жазады Prosports.kz.

Дереккөздің хабарлауынша, шабуылшы қазір «Қайратпен» жаттығып жатыр және алматылық командамен келісімшартқа отыруы әбден мүмкін.

Бұған дейін «Хапоэль» қазақстандық ойыншыны ресейлік «Сочи» клубына жалға беріп, Шушеначев команда сапында 10 матч өткізген болатын.