24.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Артур Шушеначев – «Ақтөбе» ойыншысы атанды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Артур Шушеначев – «Ақтөбе» ойыншысы атанды

24 маусым күні «Ақтөбе» футбол клубы қазақстандық шабуылшы Артур Шушеначевпен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде хабарлады. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

27 жастағы футболшы команданың ресми Instagram парақшасында таныстырылды. Бұған дейін Шушеначев Израильдің Беэр-Шева қаласындағы «Хапоэльге» тиесілі болған. Ал 2024 жылдың екінші жартысын Ресейдің «Сочи» клубында жалға өткізді.

Артур ел футболында ең алдымен «Қайрат» сапындағы ойынымен танылды. Ол алматылық клубпен бірге 2020 жылы Қазақстан чемпионы, 2021 жылы ел кубогының иегері атанды. Сондай-ақ, жасөспірімдер мен жастар құрамасында ойнаған. Ұлттық құрамада 2021 жылы дебют жасап, 7 матчқа қатысты.