04.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Артур Бетербиев пуэрто-рикалық Наджи Лопеспен жекпе-жек өткізеді

Артур Бетербиев пуэрто-рикалық Наджи Лопеспен жекпе-жек өткізеді

Ауыр салмақта экс-әлем чемпионы ресейлік Артур Бетербиев келесі жекпе-жегін 25 жастағы жеңіліп көрмеген пуэрто-рикалық Наджи Лопеске қарсы өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Инсайдер Тэй Джонстың айтуынша, боксшылар арасындағы жекпе-жек 22 қарашада Сауд Арабиясында өтуі мүмкін.

Еске салайық, ағымдағы жылдың ақпан айында өткен өзінің соңғы жекпе-жегінде Артур Бетербиев Дмитрий Биволдан жеңілген болатын. 40 жастағы боксшы үшін бұл мансабындағы алғашқы жеңіліс болды.