26.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Артета Томас Партейдің орнына ойыншы таңдады

Артета Томас Партейдің орнына ойыншы таңдады

BBC Sport хабарлауынша, лондондық «Арсеналдың» бас бапкері Микель Артета Томас Партейдің орнына «Брентфордтың» жартылай қорғаушысы Кристиан Нергорды таңдады.

«Зеңбіректілердің» қысқа тізімінде «Севильяның» жартылай қорғаушысы Люсьен Агуме де болған, алайда испан маманы даниялықты таңдады — оның ағылшын Премьер-лигасындағы тәжірибесі шешуші фактор болды.

Нергорды трансферлеу бойынша клубтар арасындағы келіссөздер соңғы тәулікте айтарлықтай жанданды — футболшының өзі лондондық команданың қатарына қосылуға қызығушылық танытуда.